Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ылғалдандыру"
ш (clean up, replaced: – Алматы, Мектеп, 2002 → – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Ылғалдандыру - 1) аумақтың ылғалдандырылуы — белгілі бір өңірге жауатын жауын-шашынның мөлшері мен булануы арасындағы арақатынас (кейде жауын-шашын мөлшерінің булануы соған байланысты болатын ауаның температурасына қатынасы). Артық ылғалданатын, орнықсыз және жеткіліксіз ылғалданатын аумақтар сараланады; 2) топырақтың ылғалдандырылуы — топырақтағы ылғал қорының табиғи не жасанды түрде арттырылуы не толықтырылуы. Басы артық ылғалдану — организмдер мен субстраттар үшін оңтайлы ауа ылғалдығынан артық шамада су келуі (табиғи не жасанды). Әдетте, өңірдің батпақтануына апарып соғады. Жеткіліксіз ылғалдану — судың организмдер мен субстраттар үшін оңтайлы ауа ылғалдығын қамтамасыз ететін мөлшерден кем түсуі. Орнықсыз ылғалдану — ылғалдың маусымдар бойынша әркелкі болуы, біршама ылғалды кезеңдермен құрғақшылықтардың кезектесуі; 3) суармалы егістік жерлерде күз, қыс айларында ылғал жинау үшін жүргізілетін суару жүмысы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>