Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дұшпандық"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:14, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Дұшпандық - мүдделері қарама-қарсы тараптардың (индивидтер, топтар, ұйымдар, құрылымдар, мемлекеттер, қоғамдық жүйелер, т.б.) арасындағы бір-бірімен ымыраға келмейтін, бітіспес күрестің түрі. Дұшпандық бір тараптың екінші тарапқа қатысты қарсылығы күшейген шақта ерекше өрістейді. Мұндай жағдай бір-біріне қарсы тараптардың өзара бітіспес тартыстары (қарақшылық әрекет, геноцид, нәсілдік, діни қудалау, т.б.) түрінде көрініс береді. Дұшпандықтың кек алу, өштесу секілді сезімдерді өршіту арқылы жеке адамдар мен топтарды бір-біріне өліспей бітіспейтін жағдайларға душар ететін, жеке адамды өзін-өзі өлімге қиятын (суицид), психопат, паранойя, эпилепсия сияқты патопсихологиялық күйзеліске ұшырататын кездері болады.
Дереккөздер
Қазақ энцклопедиясы