Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Зоохория"
ш (-Санат:Табиғатты қорғау; ±Санат:География→Санат:Өсімдік экологиясы; ±Санат:Экология→Санат:Ботаника бөлімдері (HotCat қ...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Зоохория(зоо... және грекше choreo – таратамын) – өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының жануарлар арқылы таратылуы.Зоохория – өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір топтарының сабақтас эволюциясының (коэволюцияның) нәтижесі.
Зоохорияның ең көне түрі – эндозоохория өсімдік тұқымдары зақымдалмай, жануарлардың ас қорыту жолдары арқылы таратылуы. Тропиктерден басқа аймақтарда негізгі тасымалдаушылар – құстар. Көзі өткір болғанымен иіс сезу мүшелері нашар дамығандықтан олар жемістері ашық түсті, шоқ-шоқ болып күлтеленіп өсетін иіссіз шетенді, шәңкішті, мойылды, аюбадамды, шырғанақты, т.б. таратады. Ал тропиктік ормандарда өсімдік диаспораларын таратушылар – иіс сезу органдары жақсы дамыған жемісқоректі сүтқоректілер – маймылдар, жарқанаттар, т.б. Олар гүлдері хош иісті, ірі, тәтті, шырынды жемісті өсімдіктерді (мысалы, ананас, авокада, манго, т.б.) таратады. Сондай-ақ зоохорияның жануарлар терісіне, түгіне жабысып таралуы – эпизоохория; азық қоры түрінде таралуы – синзоохория; өсімдіктер тұқымының құмырсқалар арқылы таралуы – мирмекохория деп аталады. Зоохорияның түріне қарай әр түрлі биоценоздар ажыратылады. Мысалы, жалпақжапырақты ормандарға эндозоохория; тропиктік ормандарына – синзоохория, ал топырағы тозған жерлер мен арамшөпті су жағалауларына – эпизоохория тән.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>