Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ешкісасыр"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Ешкісасыр (Cryptodіscus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың құмды, құмдақты жерлерінде, тау беткейлерінде өсетін 4 түрі (қосдана Ешкісасыр, құмдық Ешкісасыр, құмшыл Ешкісасыр, Тымыр Ешкісасыр) бар. Бұлардың биіктігі 30 – 80 см, сабағы тік, ұсақ қырлы, сыртын түк басқан. Жапырақтары қысқа сағақты, тамыр түбінен шығады, сабағы сияқты түкті. Тостағанша жапырақшалары тіссіз, күлтелері ақ түсті. Гүлдері 10 – 15-тен бірігіп, шатырша гүлшоғырына топталған. Шатыршалары 5 – 7 сәулелі. Сәуір айында гүлдеп, мамырда жемістенеді. Жемісі жеміссағағынан екі есе қысқа. Тұқымы іш жағынан оймалы келеді. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub