Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Аяқбау"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Киіз үй» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

1.Аяқбау - уықтың керегеге бекітіп байлайтын жіптің немесе әшекейленген жіңіке таспаның атауы. Сондай-ақ аяқбау көшкен кезде уықтың «аяқтарын» бірі біріне қосып, буып байлау үшін де қолданылады. Үйдегі уыққа байланған аяқбауға адамның басы тимеу керек. Әйтпесе адамның жолы кесіледі, жамандыққа ұшырайды-мыс.

2.Аяқбау - аушы құстардың аяғына байланатын былғары, қыжым немесе теріден өріліп жасалған «жіп». Мұндай жіпті бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге және тұғырға отырғызғанда байлап қоюға колданады.

3.Аяқбау - балық аулайтын аудың (жылымның) әрбір стек тасын жеке-жеке байлайтын бау.

4.Аяқбау - қайықтың діңгегін төменгі жағынан бекітетін арқан. Аяқбауды мықтап байламаса, діңгек босап кетеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub