Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Геологиялық-экономиялық талдау"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: терминдерінің, орысша → терминдерінің орысша using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
10:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Геологиялық-экономиялық талдау (іздеу-барлау жұмыстарының нәтижелерін)<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>- іздеу-барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында геологиялық, әкімшілік, өндірістік нысандар бойынша және геологиялық-барлау жұмыстарының түрлері мен әдістері бойынша жүргізіледі.
Геологиялық-экономиялық талдау шараларының басты-басты мақсаттары:
- кен орындарын іздеу және барлау барысын жан-жаңты саралау (іздеудің ең тиімді бағытын қамтамасыз етуге белгіленген жұмыс көлемі мен қаражаттың жеткіліктілігі және ұтымдылығы; жүргізіліп отырған жұмыс түрлерінің, әдістердің және әдістемелердің геологиялық жағдайға сәйкес болуы; геологиялық-барлау жұмыстары жоспарының орындалу барысы; т.с.с);
- геологиялық-барлау жұмыстарының ең тиімді бағыттарын таңдау нәтижесінде кеннің қорын еселей арттыру мүмкіндіктерін іздестіру;
- кенді іздеу және барлау әдістемелерін жетілдіру;
- еңбек өнімділігін арттыру және өнімге тікелей қатысы жоқ шығындарды азайту;
- геологиялык-барлау өндірісін ұйымдастыру, ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және жоспарлау шараларын жетілдіру.
Геологиялық-экономиялық талдау төмендегі мәселелерді қамтиды:
- геологиялық-барлау жұмыстарьн сапалық және сандық тұрғыдан бағалау;
- жұмыстың сипаты мен көлемін олардың жүргізілу сатысына, түріне және әдісіне сәйкес нақты турде және шығынданатын қаржы тұрғысынан анықтау;
- тиімділік көрсеткіштерін (шаруашылық-есептік, салалық, халықшаруашылық, салыстырмалы) анықтау және салыстыру;
- жоспарлаған кезеңдегі жұмыс көлемінің экономикалық тиімділігін арттыруды ңамтамасыз ететін тұжырымдар мен ұсыныстарды жасақтау.
Геологиялық-барлау процесінің ең ақырғы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіпггерге баса назар аударылады.
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Геологиялық-экономиялық талдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}