Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Седиментациялық су"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Седиментациялық (жұрнақ) су көне алаптарда жиналған шөгінділер құрамындағы судың осы шөгінділермен бірге көмілуінен жаралады. Шөгінді таужыныстардың көп бөлігі суда қалыптасқан шөгінділерден жаралған. Мұндай жағдайда көне теңіз немесе көл сушараларының суы шөгінділер мен олардан қалыптасқан таужыныстарда сақталуы немесе оларды қоршаған таужыныстарға сіңуі мүмкін. Осы екі жағдайда да мұндай жерасты сулары седиментациялық немесе жұрнақ (қалдық) түрлерге жатады. Жұрнақ су орнында қалуына немесе басқа қатқабаттарға жылыстауына байланысты екі түрлеске бөлінеді. Бірінші түрлесіне сингенезисті жерасты суы жатады, ол өзін сыйыстыратын шөгінділермен бір мезгілде көміледі. Бұл су шөгіндімен бірге көмілген судың бір бөлігін ғана күрайды. Қалған бөлігі шөгінді нығыздалғанда сығылып шығып, үстіндегі немесе астындағы қатқабаттарға өтеді. Мұндай су эпигенезисті деп аталады.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Тақырыпқа байланысты

Дереккөздер

<references/> География

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала