Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Топыраққорған"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: Жезді өзені → Жезді (өзен) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Топыраққорған– ортағасырлық кент орны. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді қаласынан 20 км, Жезді өзенінің бойындағы Аяққамыр күмбезінің солтүстік жағында 8 км жерде орналасқан. Оны 1946 ж. Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген. Қазір онда құлаған үйлер қабырғаларының сілемі ғана сақталған. Топыраққорған аумағы 28х30 м, биікт. 1,5 м төртбұрышты төбешік. Қазбадан табылған көзе сынықтарына қарағанда, бұл жердің тұрғындары 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:Wikify