Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Изопреноидты көмірсутектер (изопренандар)"
ш (clean up, replaced: Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003 → Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Өсімдіктердің хлорофилдері құрамына кіретін қанықпаған С20Н39ОН формулалы фитол спиртінің метилдік топтарының алма-кезек ауысуымен сипатталатын изоалкандары, яғни циклді емес (ашық тізбекті) табиғи изопреноидтарының ылғалданған баламалары. Бұл көмірсутектерге фитан, пристан, С14-С18 тізбектегі 2, 6, 10-триметилалкандар, С9-С13 тізбектегі 2, 6-диметилалкандар кіреді. Көмірсутектердің бұл тобының мұнайлар мен таушайыр тектестері құрамындағы жалпы мөлшері 3-4 %, тіпті одан да көбірек болады; бұл мөлшер оларға изомерлі болып келетін, құрылысы изопреноид емес изоалкандардың мұнайлар мен таушайыр тектестері құрамындағы үйірімділігінен әлдеқайда жоғары. Мұнай мен таушайыр тектестері құрамында әсіресе көбірек кездесетін изопреноидты көмірсутектер - фитан мен пристан (бүкіл изопреноидты көмірсутектердің 30-40 %-ын құрайды).<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/>