Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Трансгрестік астасу"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ энциклопедиясы, 8 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

ТРАНСГРЕСТІК АСТАСУ, трансгрессиялық жатыс – теңіздің құрлықты басуы кезіндегі қалыптасқан шөгінді тау жыныстарының қабаттасып жатуы. Трансгрестік астасуда жоғарғы жас тау жыныстарының қабаттары бұрын жиналған базальдтық горизонттарға қарағанда молырақ тарайды. Базальдтық горизонттар өздерінен көне тау жыныстары бетінде стратигрлік үзіліс арқылы орналасады. Мұндай үзіліс осы аймақта біраз уақыт құрлық болғанын, кейін оның теңіз астына кеткенін көрсетеді. Стратигрлік шалыстық кейде бұрыш шалыстығымен ұштасады. Трансгрестік астасуды анықтау палеогеографиялық зерттеулерде және жер қыртысын тербеуші қозғалыстар тарихын түсінуде ерекше орын алады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub