Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тектоникалық жарылым"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ Энциклопедиясы, 8-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Тектоникалық жарылымтау жыныстарының тектоникалық қозғалыстары мен деформациялары нәтижесінде жер қыртысында пайда болған жарықшақтар. Тау жыныстарының бұл кездегі бөлектенген массиві тектоникалық жарылымның қанаттарын құрайды; көлбеу жарылымдарда жатқан қалыптағы қанат, төселмелі жарылым және жарылымды жабатын аспалы қанатты түрлерін ажыратады. Бұлардан басқа қанаттардың болмашы ғана жылжуынан тектоникалық жарықшақтар және айтарлықтай жылжуынан жарылымдық жылжу пайда болады. Соңғысы ығыспа (қанаттардың тік және көлбеу жарықшақ бойымен көлденең жылжуы), ажырама (қанаттардың жан-жаққа жылжуының нәтижесі) түрлеріне бөлінеді. Жарылымдардың ұзындығы бірнеше дм-ден бастап өте тереңге кетеді, тіпті жер қыртысын Жердің жоғарғы мантиясына дейін түгелдей жарып өтетін түрлері де кездеседі. Тектоникалық жарылым қысқа мерзім ішінде немесе ұзақ геологиялық кезең бойында (жерсілкінуі мен дүмпулер) болуы мүмкін. Кейде Тектоникалық жарылымның қуыстары тастамырлы тау жыныстары түзілетін гидротермальды ерітінділердің ағатын жолы болып саналады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub