Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тілепбай Тазабеков"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Санат шебері: Санат:Қазақстан Ғылым Академиясы академиктері → [[Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым акаде...) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
10:41, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Тілепбай Тазабеков (1929 жыл 20 қыркүйек, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көксу ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1980), профессор (1985).
Еңбек жолы
- 1951 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) және 1954 жылы республикалық Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген;
- 1954-1955 жылдары Ақмола облысында агроном болған;
- 1955 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университінде кафедра меңгерушісі, проректор, ректор қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
«Почвы Заилийского Алатау и пути повышения их плодородия» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыстары тауалды топырақтардың құнарлылығын арттыру мәселелеріне арналған.<ref> Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1 </ref>