Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Игуасу"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Қазақ энциклопедиясы, 4-том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «[[Қазақ эн using [[Project:AWB|AWB]])
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Игуасу<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> – Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің сол жақ саласы – Игуасу өзеніндегі сарқырама.

Өзеннің Аргентина мен Бразилия мемлекеттерінің шекарасымен өтетін бөлігінде, Паранаға құятын жерінен 26 км жоғары орналасқан. Ені 2700 м, биіктігі 72 м, жылдық орташа су ағыны 1725 м3/с. Су базальттан түзілген екі тік жардан асып, шатқалға құлайды. Сарқырама тармақтарының аралығы жартастармен бөлінген. Сарқыраманың буырқанған суының сарылы 20 – 25 км жерден естіледі. Игуасу өзенінің каньоны мен сарқырамасы ұлттық саябақ болып жарияланған (1939).

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub