Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шыжың (шежін) өзендері"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (clean up, replaced: Батыс Қазақстан облысы → Батыс Қазақстан облысы, м3/с → м³/с using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Шыжың (Шежін) өзендеріЕділ мен Жайық аралығындағы өзендер. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерімен ағады. Бірінші Шыжың өзеннің ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 822 км². Жалпы Сырт қыратынан басталады. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Орташа су ағымы 1,76 м³/с. Суы шабындықтарды суландыруға пайдаланылады. Екінші Шыжың өзеннің ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1360 км². Көкше тауынан басталып, Бірқазан к-не 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Жағасы жазық, аңғары құмайт. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Желтоқсанның басында қатып, тамыздың бас кезінде мұзы түседі. Өзен суын елді мекендер пайдаланады.

Үлгі:Wikify

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.Үлгі:Stub