Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өзен ирелеңі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: байкалатын → байқалатын using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Өзен ирелеңі (Меандр) - өзен суының айналымы салдарынан пайда болатын, өзен арнасының жоғарыдан қарағанда байқалатын иіні, бүгілісі. Өзен ирелеңі үлкен жайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар, өзен ирелеңінің екі түрі бар:

  • тосын өзен ирелеңі — өзен аңғарындағы шайылмайтын берік телімдерді тасқынның айналып өтуінен пайда болады;
  • еркін өзен ирелеңі — тұрақты пішін жасамайды, уақыт өткен сайын арнасын өзгертіп және өзеннің ағыс бағытымен орын алмастырып отырады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Өзеннің ирелеңділігі

Өзеннің ирелеңділігі – өзен арнасының иректелу пішінінің дәрежесі. Өзеннің режіміне, алабы мен аңғарының геологиялық құрылысына және топырақ құрамына байланысты. Өзеннің ирелеңділігі коэффиңиентімен бастауы және сағасының арасындағы ұзындығының олардың арасындағы түзудің ұзындығына қатынасымен сипатталады.<ref>Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub