Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:23, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI, NUISSAI) — Астана қаласындағы Назарбаев университетіне қарасты ғылыми-зерттеу институты. Ол жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы ғылыми-зерттеу мен әзірлемелерді дамытуға бағытталған. Негізгі назар компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және сөйлеу технологияларына аударылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Тарихы
ISSAI 2019 жылы робототехника және ЖИ саласындағы зерттеуші доктор Хүсейін Атакан Варолдың бастамасымен құрылды.<ref name="sakenova">Үлгі:Cite web</ref> Алғашында университетке қарасты зертхана ретінде жұмыс істеген бұл құрылым 2024 жылы Назарбаев университетінің автономды ғылыми-зерттеу институтына айналды.
Құрылымы
2025 жылғы жағдай бойынша ISSAI құрамында шамамен 70-тен астам зерттеуші, компьютерлік инженер мен деректер ғалымы жұмыс істеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Топ құрамында қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектерімен қатар, шетелдік жетекші университеттер мен «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлектері де бар.<ref name="sakenova" />
ISSAI KAZ-LLM — қазақ тіліне арналған үлкен тілдік модельдер отбасы, Meta Platforms компаниясының LLaMA архитектурасына негізделген. ISSAI әзірлеген KAZ-LLM 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылып, Astana Hub-қа табысталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Зерттеулері мен жобалары
ISSAI ашық дереккөздерге үлес қосып, Hugging Face, GitHub және ModelScope платформаларында модельдер мен деректер жиынтықтарының кең репозиторийін жүргізіп келеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Негізгі жобалары ISSAI Playground-ында қолжетімді. Бірнеше жобасы:<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Оylan — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдайтын көптілді көру-түсіну моделі;
- MangiSoz — аударма, мәтінді дыбыстау, оптикалық таңбаларды тану, және диаризация қызметтерін ұсынатын веб-платформа;
- TilSync — көптілді іс-шараларға арналған нақты уақыттағы субтитрлеу құралы.
Сонымен қатар, ISSAI 2025 жылы суперкомпьютерлерге тәуелділікті азайту мақсатында Qolda моделін әзірледі. Бұл — ноутбук пен смартфондарда жұмыс істеуге арналған 4М-параметрлі ашық бастапқы тілдік-көру моделі. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тиімді мультимодальды ойлауды қамтамасыз етеді және зерттеушілерден бастап студенттер мен шағын бизнеске дейін кең аудиторияға ЖИ мүмкіндіктерін қолжетімді етеді деп жоспарлады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Коммерциялық компоненттер негізінде жасалған Mangitas инференс сервері, ЖИ үлгілерін жергілікті ортада іске қосуға бейімделген және ұйымның жабық ішкі желісі шегінде қауіпсіз орналастыруға мүмкіндік береді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
ISSAI жыл сайын Жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасын ұйымдастырып, бакалавр және магистратура студенттеріне, сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларына ЖИ саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>