Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жердің сығылуы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Жердің сығылуыЖердің шар тәрізді пішіннен ауытқу дәрежесін сипаттайтын шама. Жердің полюстік сығылуы мына формуламен анықталады: , мұндағы а және b — экваторлық (үлкен жарты ось) және полюстік (кіші жарты ось) радиустар. Қазіргі мәліметтер бойынша, =1:298,3 (Красовский эллипсоидында). Ал жердің экваторлық сығылуы формуласымен өрнектеледі, мұндағы а1 және а2 — Жер экваторының ең үлкен және ең кіші радиустары. Табылған мәліметтер бойынша: =1:30000, ал (а1–а2) айырмасы шамамен 21,4 км.
Жердің сығылуын зерттеп, есептеп шығарған және себебін түсіндірген ағылшын ғалымы И.Ньютон. Егер Жер айналмаған жағдайда нағыз шар тәрізді болар еді және жер бөлшектері өзара тартылыс күші нәтижесінде фигураның жалпы тартылыс центрінің айналасында біркелкі орналасқан болар еді. Дене айналған кезде центрде тебу күші пайда болады, ол айнлау жылдамдығының квадратына тура пропорционал. Центрден тебу күшінің бағыты айналу осіне перпендикуляр болады. Айналу жылдамдығы полюстерде ең көп (жалпы жер бойынша 464 м/с). Полюстерден экваторға қарай салмақ күші азаяды, оның бағыты радиус бағытымен сай келеді. Полюс пен экватор арасындағы салмақ күшінің өзгеруіне тең. <ref> Қазақ энциклопедиясы,3 том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Жердің сығылуы

Пайдаланылған әдебиеттер

<references/> 

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала