Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Валерия Викторовна Козина"
() |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Валерия Викторовна Козина — тарих ғылымының докторы (2002), профессор (2005).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1955 жылы 12 наурызда Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1978, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).
1982-2005 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде, Ресей-Қазақстан гуманитарлық университетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде аға лаборант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Орталық Қазақстанның халық саны (XIX ғасырдың соңы – XX ғасыр)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монография, 2 оқу құралы жəне 1 электронды оқулықтың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>