Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шолпан Исағалиқызы Жанұзақова"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары» деген санатты қосты ([[УП:HOT) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 5 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Шолпан Исағалиқызы Жанұзақова — педагогика ғылымының докторы (2007), профессор.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1960 жылы 13 қарашада Атырау қаласында туған.
Гурьев педагогикалық институтын (1983, қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) бітірген.
Мектепте мұғалім (1983-88), Гурьев педагогикалық институтында оқытушы (1988-91), Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы (1991-2000), кафедра меңгерушісі (2000), Атырау мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері (2004), Сырттай оқыту факультетінің деканы (2005-09).
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Этнопедагогиканы жеке пəн ретінде құрудың ғылыми негіздері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
2 монография, 3 оқу құралы, 60-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы.
Марапаттары
- "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі";
- Атырау облысының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары;
- ҚР "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі".<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2019).<ref>"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлері.</ref>