Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Түймебай Әшімбаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Кіріспе бөлімін өңдеді)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Түймебай Әшімбаев (20 мамыр 1918, Жаңақоғам ауылы, Әулиеата уезі, Сырдария облысы, Түркістан АСКР, РКФСР15 наурыз 1995, Алматы) — ғалым, экономикалық ғылым докторы (1967), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының академия (1983), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері (1978).

Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941 — 1945). Соғыс аяқталған жылы “ұлтшыл” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл (1945 — 1951) саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген (1957). 1958 жылдан Экономика институтынында ғылым қызметкер, ғылым хатшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы институттың директоры болды. Әшімбаевтың ғылым еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жеделдету және оның экономикалық тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарымы және қор сиымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу, республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Әшімбаев — 350-ден астам ғылым еңбектің авторы, олардың 17-сі монография.

Шығармалыры:

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub