Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тұрсынай Рыстайқызы Әбдіқадырова"
ш («Тараз мемлекеттік университетінің профессорлары» деген санатты қосты ([[УП:HOTCAT|) |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Тұрсынай Рыстайқызы Әбдіқадырова — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 1 ақпанда Қырғызстан, Ош облысы, Тоқтағұл ауданында туған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірген (1979, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті).
1979-98 жылдары Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы орта мектепте мұғалім, Қаратау құрылыс колледжінде оқытушы, 1998-2005 жылдары Тараз мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, 2005-10 жылдары Алматы гуманитарлы-техникалық университетінде декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2010-2013 жылдары Еуразия ұлттық университетінде "Қазақ әдебиеті" кафедрасының доценті, 2013-2020 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі, 2020-2024 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды, 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін осы университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми бағыты
"Алаш қайраткерлері мұралары негізінде ұлттық тұлға қалыптастыру" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты: ұлттық педагогика мəселелері, Алаш қайраткерлерінің мұраларын оқыту тəсілдері.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>