Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Манар Әлдешқызы Мұқашева"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Манар Әлдешқызы Мұқашева — биология ғылымының докторы (2007), Ресей, Еуропа жаратылыстану академияларының корреспондент мүшесі.
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1960 жылы 19 сәуірде Қарағанды қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1982, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан фармацевтика академиясын (2005) бітірген.
1984-91 жылдары Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінде оқытушы, 1991-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында кіші ғылыми, ғылыми, аға ғылыми қызметкер болды. 2008 жылдан Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Өнеркәсіптік аймақ жағдайында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық-биологиялық мониторингтің гигиеналық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
135 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 12 әдістемелік нұсқаулық пен 2 патенттің авторы.
Марапаттары
- Н.И. Вавилов атындағы медаль (2010).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>