Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ардақ Мелсқызы Есдәулетова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(→‎)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Ардақ Мелсқызы Есдәулетова (5 ақпан 1963) — тарих ғылымының докторы (2011), доцент, профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1963 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1986, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1986-94, Алматы қаласы), ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті əскери институтында аға оқытушы (1995-2001). 2001 жылдан Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарады.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты дипломатиялық қызмет, ҚР сыртқы саясаты, АҚШ сыртқы саясаты, Еуропалық Одақ сыртқы саясаты, Еуразия кеңістігінің энергетикалық қауіпсіздігі мəселелерін зерттеуге арналған.
"Еуропалық Одақтың энергетикалық саясаты (1990 жылдың аяғы ХХІ ғасырдың басы)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
40-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Марапаттары

  • Ғылыми сыйлықтар, ғылыми стипендиялар, гранттар (2016, 2018);
  • "Университеттің үздік оқытушысы" (2016);
  • "ЕҰУ-не 25 жыл" медалі (2022).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер