Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тайыр Жомартбаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жазушы Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург.

Көкбай медресесінде білім алып, 1911 жылы УфадағыҒалия” медресесін бітірген.

1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты.

1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді.

1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды.

Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, 1956 жылы ақталды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Сілтеме

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub