Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шолпан Молдажанқызы Жұмадина"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Шолпан Молдажанқызы Жұмадина — биология ғылымының докторы (2006).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 26 қазанда қазіргі Абай облысы, Бородулиха ауданы, Ауыл бекетінде туған.
Семей малдәрігерлік институтын (1982, қазіргі Шәкәрім университеті), Адам және жануарлар физиологиясы институтының аспирантурасын (1993), докторантурасын (2000) бітірген.
1982-85 жылдары Зыряновск (қазіргі Алтай қаласы) ет комбинатында мал дəрігері, 1985-89 жылдары Семей малдəрігерлік институтында дəрігер-ординатор, ассистент, 1995-97 жылдары кафедра меңгерушісі, 1997-2011 жылдары Семей мемлекеттік университетінде доцент, профессор, 2011-2017 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2017-2022 жылдары Қазақ агротехникалық университеті биология ғылымдары кафедрасының доценті, 2022 жылдан Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде биология ғылымдарының докторы.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Омыртқалы жануарлардың эволюция барысында гемо- жəне лимфодинамикалық реттеу механизмдерінің дамуын зерттеу" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты: омыртқалы жануарлардың салыстырмалы жəне экологиялық физиологиясы.
120-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 2 монография, оқу құралдары мен патенттердің авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "ЖОО үздік оқытушысы" грантының иегері (2007, 2018);
- "Қазақстанның 100 үздік ғалым әйелі" байқауының жеңімпазы (2023);
- Еңбек Ардагері медалі (2023).