Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алмаз Әмірбекұлы Мырзахмет"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Алмаз Әмірбекұлы Мырзахмет — жазушы, әдебиеттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері. «Ханшайым», «Қала мозаикалары», «Жетіирек», «Дежавю» кітаптарының авторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы.

Биографиясы

Шығармашылығы

  • 2006 жылы Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы жанынан «Жыр Жауһар» поэзия клубын құрған.
  • XIV «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі, «үздік әдеби шығарма» (проза) номинациясы бойынша І орын иеленген.
  • Дәстүрлі Ғабиден Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауының Бас жүлдегері.
  • Республикалық «Атамекен», «Махамбет оқулары», «Қайрат рухы» байқауларының жеңімпазы.
  • Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Аңсар – 2015» әдеби байқауында «Жылдың үздік жас жазушысы».
  • Ж.Тәшенов атындағы жыл қорытындысында «Жылдың үздік жазушысы» атанған (2016).
  • Республикалық «Ауылым — алтын тұғырым» әдеби байқауының ІІ орын иегері (драматургия) (2016)
  • 2013 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Ханшайым» әңгімелер жинағы жарық көрген. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Біздің ғасыр» атты шығармашылық кеші өткен. Кеш аясында «Біздің ғасыр» атты аудио-жинақ пен «Ханшайым» кітабының тұсауы кесілді.
  • 2016 жылы «Гласир» баспасынан «Қала мозаикалары» кітабы шыққан.
  • «Сарыарқа» сериясымен шыққан 100 томдықтың «Өрім» атты проза бөліміндегі алты автордың бірі. «Жас толқын» жас қаламгерлер жинағына, «Өмірге келер әлі талай Қасым...» жинағы, «Ғ. Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауына» ұсынылған әңгімелер жинағына, «Тәуелсіздік тұғыры» республикалық жас қаламгерлер фестивалі жинағына әңгімелері енгізілген. Республикалық, алыс-жақын шетелдік баспа беттерінде әңгімелері жиі жарияланып тұрады.
  • 2020 жылы "Рахымжан Отарбаев: әдеби сын" республикалық байқауының Бас жүлдегері.
  • 2022 жылы Фолиант баспасынан "Дежавю" әңгімелер жинағы жарық көрді.
  • 2022 жылы Дәуір баспасынан мемлекеттік тапсырыспен "Жетіирек" кітабы шықты.

Ғылыми жұмыстары

  • «Қазіргі қазақ әдебиеті» оқу құралы, ф.ғ.д., профессор Ж. Жарылғаповпен бірге. Алматы: «Эпиграф» баспасы, 2016 жыл.
  • «Қазіргі қазақ әдебиеті» электронды оқу құралы. Әділет министрлігі, 2016 жыл.
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқаны үшін Мемлекеттік ғылыми степендиясы.
  • «Изучение тюркского фольклора в аспекте нового гуманитарного знания». 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс. Жоба мүшесі. Еуразия ұлттық университеті.
  • «Поэтологический тезаурус стихов Абая». 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы (МОН РК). Жоба мүшесі. Еуразия ұлттық университеті.
  • «Қасымтану мәселелері» ғылыми жобасы. Кіші ғылыми қызметкер (2021).
  • Жоғарғы оқу орындарындағы "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Қазақ филологиясы" мамандықтарына арналған "Әдебиет теориясы" оқулығы. (ф.ғ.д., профессор Ж. Аймұхамбетпен Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова бірге. (2022).

Қызметтері

  • Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетіндегі қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми бағыты: «ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті», «Шығармашылық шеберханасы», «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы».
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы (аға оқытушы)
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы.