Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Замстақ"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиеттер → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ЗАМСТАҚ– Шағырай үстіртінің батысындағы тау. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 206 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4,9 км-ге, енді жері 4,5 км-ге созылып жатыр. Үстіртті тау беткейлері көлбеу келген. Жер қыртысы жоғарғы миоценнің оолитті әктастарынан түзілген. Сұр топырақ жамылғысында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>