Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәркен Жақияұлы Шайжүнісов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Отбасы)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәркен Жақияұлы Шайжүнісов (18 ақпан 1939, Көкпекті ауылы, Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

Шайжүнісов Мәркен Жақиянұлы 1939 жылы 18 ақпанда Семей (қазіргі Абай) облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.

1963 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын физик-математик мамандығы бойынша бітірген.

1979 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1962-1965 жылдары Көкпекті ауылында Киров атындағы орта мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

1965–1973 жылдары — Көкпекті аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Семей облыстық комитетінің хатшысы, содан соң бірінші хатшысы болып істеді.

1973–1977 жылдары — Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1977–1979 жылдары — КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының тыңдаушысы болды.

1979–1980 жылдары — Семей қалалық партия комитетінің екінші хатшысы ретінде еңбек етті.

1981–1983 жылдары — Торғай облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1983–1985 жылдары — Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды.

1985–1988 жылдары — Гурьев облыстық партия комитетінің хатшысы болды.

1988–1990 жылдары — Семей облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі лауазымында еңбек етті.

1990–1991 жылдары — Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1991–1992 жылдары — Семей облыстық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

1992-1995 жылдары — Семей облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары (мәдени-ағарту мәселелеріне жетекшілік етті) болды.

1995 жылдың қаңтар-наурыз айларында — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің халықты әлеуметтік қорғау комитетінің мүшесі лауазымында еңбектенді.

1995–1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік қадағалаушысы болып жұмыс істеді.

1996–1998 жылдары — ТМД Мемлекетаралық экономикалық комитетінің алқасында Қазақстан Республикасының Министрі мәртебесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі қызметін атқарды.

1998 жылдың қазанынан 2000 жылдың наурызына дейін — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Семей қаласының әкімі болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2000 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік қадағалаушысы болып тағайындалды.

Қоғамдық қызметі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XI-XIII сайланым депутаты.

Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты.

Абайдың 150 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік мерейтойлық комиссияны басқарды.

Отбасы

Әкесі — Жақия Шайжүнісов (1914–1983) — Социалистік Еңбек Ері, атақты ұстаз. Семейдегі орталық көшелердің бірі және қаржы колледжі оның құрметіне аталған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Үйленген, екі қызы және төрт немересі бар.

Сілтеме

  • Абдулқалықов, Ғ. Ұлым деген ел болмаса, елім деген ұл қайдан туады? [Текст] : Қала әкімі М. Шайжүнісовтің 60 жылдық мерейтойына орай мақалалар / Ғ. Абдулқалықов // Семей таңы. – 1999. – 18-24 ақп
  • Елі ерін ардақтады // Ертіс өңірі. – 2013. – 18 желтоқсан. – Б. 1
  • Талап. Еңбек. Терең ой // Үш анық. – 1999. – Б. 2
  • Тоққарин Д. Өнегелі өмір өрнегі. – Семей, – 2016.-203 бет
  • Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.-Б.795

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер