Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қалпақ Наурызмағанбетов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.9.5)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға Қалпақ Наурызмағанбетов (1941 жылы 17 тамызда Форт-Шевченко1 шілде 2020 жылы Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы) — еңбек ардагері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

Толығырақ

Қалпақ Наурызмағанбетов 1941 жылы 17 тамызда Форт-Шевченкода дүниеге келген.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті (бұрынғы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылғы институтын) бітірген.

1959 — 1989 жылдары — Маңғыстау облысы мұнай мекемесінің бұрғылаушының көмекшісі, жүргізуші, механик, гараж меңгерушісі, Ералиев атындағы кеңшарда бас инженер, партком хатшысы, директор болды.

1989 — 2020 жылдары — «Сенек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып, ауылшаруашылық саласын дамытуға сүбелі үлесін қосты.

Бірнеше рет аудандық, облыстық мәслихат депутаты болып сайланды.

2020 жылдың 1 шілдесінде қайтыс болды.<ref>Қалпақ Наурызмағанбетов өмірден өтті Үлгі:Webarchive</ref>

Марапаттары

  • 1978 — КСРО «Социал жарыстың жеңімпазы» алтын медалі
  • 1982— КСРО ХШЖК-нің күміс медалі
  • 1998 — Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Астана» тұңғыш мемлекеттік медалімен марапатталды.
  • 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі
  • 2006 — «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі
  • 2008 — «Астанаға 10 жыл» медалі
  • 2011 — Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет ордені»мен марапатталды.
  • 2016 — Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 желтоқсанындағы жарлығымен «Парасат ордені» марапатталды.<ref>«Парасат» орденімен Қарақия ауданы «Сенек» ЖШС директоры Наурызмағанбетов Қалпақ марапатталды 2016 жыл</ref>
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасы.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің бірнеше мәрте Алғыс хатымен және «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған.
  • Маңғыстау облысының және Қарақия ауданының құрметті азаматы.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер