Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үшқұю қалашығы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:12, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Үшқұю қалашығыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық көне қалашық.

Орналасқан жері

Мұнайлы ауданы, Баянды ауылынан 40 км шығыс бағытта орналасқан.

Сипаты

Нысанды 2004 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі анықтаған.
Көлемі 10 га қалашық жергілікті жердің əктас қабатының жылжуы үдерісі барысында түзілген жартасты (кертпеш), жарқабақ маңында бой көтерген. Кертпештің үстірт жағы шаршы пішінді 4×4 м, биіктігі 3 м, бір-бірінен 100-160 м жерде орналастырылған 6 мұнарамен қалқаланған. Мұнараның бірі жартас қалдықты үстірт үстіне салынған. Оңтүстік-шығыс жақтағы кертпеш үстірт пен еңіс астырт жақтағы биіктігі 1-2 м болатын бекініс қабырғамен бекітілген. Бекіністің негізгі қабырғасы екі қатар өрім əдісімен ортасына тас аралас топырақ салып қаланған. Ылди жағында төртбұрышты 2 жерге жарты мұнаралы етіп нығайтылған қақпадан өтер жол бар. Осы тұста төмен түсер, қолдан екшеп жасалған соқпақтың кей тұсы ғана сақталған. Кертпеш тұсында аузы бекітілген ұзындығы 60 м болатын үңгір қуысы бар.
Кертпештің әр жерінде, қолдан тегістелген алаңқай мен оны кеңейту іздері байқалады. Мұндағы қабырға тасынан ортағасырлық таңбалар да табылған. Қалашық алаңында (14-15 ғғ. мерзімделетін) "ақтамдық" типке жататын қызыл топырақты қыш бұйымдарының сынықтары да кездеседі.
Ескерткіш 2004 жылы мемлекеттік есепке алынған.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер