Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құлбарақ Табылдыұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Тарихы)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Құлбарақ Табылдыұлы (1777, Маңғыстау өңірі, Бозащы1832) — Байұлы тайпасы Беріш руынан шыққан халық батыры. Хиуа хандарының озбырлығына қарсы күрескен. Матай ақын: «Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ» деп жырлаған. Құлбарақ ұрыс кезінде қаза тапқан.

Тарихы

Аталары беріш Есболай батыр Маңғыстауға алғаш келіп қоныстанушылардың бірі. Жергілікті түрікмендермен анда болысып, қыз алысып, бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырған. Құлбарақ Адайдың атақты Сүйінқара батырының жиені. Құлбарақ батырдың ерлігі негізінен Хиуа хандығының аламан-қарақшыларынан ел қорғау ұрыстарында танылған. 1832 жылы қысында Хиуа ханы Аллақұл Маңғыстауға 3 мың қол аттандырады. Құлбарақ аз қолмен күші басым жаумен Тиген жерінде ерлікпен ұрысып қаза тапқан. Аңызда қарақшы қол Құлбарақтың басын Сүйінғара батырдікі деп есептеп кесіп алып, хан алдына апарады. Сол жерде бұрыннан оны білетін, батырлығын бағалайтын хан басты құрметпен жерлеуге әмір етеді. Хиуаға жақын Махмұд палуан күмбезіне таяу жерленген Құлбарақтың басы содан бері елдің аузында «Бас әулие» делініп, зиярат ететін киелі орын саналады. Батырдың Тигенге жақын төбе басындағы зираты да әулие жер болып есептеледі. Бертінде басына сәнді күмбез, түнеухана салынды.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997 жыл;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub