Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Демікпе асуы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Жаңа бетте: {{Тау |Түрі = Асу |Атауы = Демікпе асуы |Шынайы атауы = |Сурет = |Сурет өлшемі = |Сурет атауы = |lat_dir = N |lat_deg = 44|lat_mi) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тау Демікпе асуы – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі асу.
Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданында, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3257 м. Асудан маусым – қыркүйек айларында салт атты адам жүре алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Асудың солтүстік-шығысынан Қараарық, оңтүстік-шығысынан Қазан өзендері таудың биік жоталарындағы мұздықтарынан бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>