Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Құздықара (өзен, Ақтөбе облысы)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Құздықара – Сағыз алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы-38 км.
Бастауы
Бастауын Шөлтөбе қыстауының батысындағы абсолюттік биіктігі - 200 м болатын жарқабақ етегіндегі бұлақтардан алып, Сағыз өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жоғары бөлігінде арнасы сайлы-жыралы, төменгі сағасы Аққұмсағыз құмымен ағады. Жағалауында бұта аралас жусан, бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесіндер өседі. Негізінен көктемгі еріген қар суымен толығады. Жазда тартылып, құрғап қалады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>