Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шеңгелді (өзен)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Шеңгелді — Жетісу облысы Кербұлақ ауданы мен Алматы облысы, Қонаев қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен ағатын өзен.
Сипаттамасы
Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы Малайсары жотасының оңтүстігінен басталып, Қапшағай бөгеніне құяды. Ұзындығы 58 шақырым. Су жиналатын алабы 494 шаршы шақырым. Өзен бойында Малайсары бөгені бар.
Көрінісі
Аңғары 250-300 метр. Оң жағалық беткейі тік (6-7 метр), сол жағалығы көлбеу. Жайылмасы сол жағалауында, ені 9-10 метр. Жағасы тік, жарлы, Тұрақты ағыны жоқ, тек көктемде ғана сулы. Жауын-шашын суымен толығады. Көпжылдық орташа су ағымы 0,17 м3/с. Судың минералдылығы 0,59г/дм3 құрайды, химиялық құрамы гидрокарбонатты–сульфатты, натрилі–кальцийлі<ref>Https://official.satbayev.university/download/document</ref>.