Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қараөзек (Ойыл алабындағы өзен)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Өзен Қараөзек – Ойыл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Атырау облысының Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 53 км.
Бастауы
Қарабау ауылынан солтүстікке қарай 10 км-дей жердегі батпақты көлшіктен басталып, Бөлекаяқ көліне 9 км жетпей жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы
Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жағалауы жайпақ, суы жайылып ағады. Негізгі ағындысы көктемгі қар еру кезінде байқалады, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Аңғары жайылым ретінде, суы мал суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>