Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарақол (Есіл алабындағы өзен)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Қарақол – Есіл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақмола облысы Есіл, Жарқайың аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 92 км, су жиналатын алабы 1620 км².
Бастауы
Бастауын Сарыадыр тауларының солтүстігіндегі бұлақтардан алып, Бұзылық ауылының тұсында Есіл өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Төменгі арнасы кең, ағысы баяу, жайылмасы 50-100 м-ге дейін жетеді, суы тұщы (тұздылығы 0,8-1 г/л). Салалары - Бөріктал, Біртал. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Суы шаруашылықтарға пайдаланылады. Жазда тартылып қарасуларға бөлініп қалады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>