Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кенесары үңгірі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Үңгір

Кенесары үңгірі, Көкшетау үңгірі – Бурабай көлінен оңтүстік-батыста 0,5 км жерде, Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде орналасқан.

Сипаты

Үңгір Көкшетау қыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болған және ол аласа шоқының үстінде жатыр. Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 м-дей. Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар. Негізгі үңгір дөңгелек пішінді диаметрі 5 – 6 м, биіктігі 1 – 3 м. Үңгір ішіндегі температураның сыртқы температурадан айырмашылығы 2 – 3°С. Кенесары үңгірі «Бурабай» курортындағы туристер көп баратын орындардың бірі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Аңыз

Ауыздан ауызға тараған аңыз бойынша, Хан Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары бала кезінен атқа мініп, садақпен нысананы дәл көздеуді үйренген. Бурабайдың тоғайлы сай-саласында аңшылыққа шығуды жақсы көріпті. Аңға шығып, қанжығасы майланып қайтқаннан кейін өзінің жасағымен осы үңгірде қонған екен. Сол себепті, ел аузында ол «Кенесары үңгірі» деп аталып кеткен.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер