Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сарыапанқұм"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Шөл СарыапанқұмАрал қарақұмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз жəне Ұлытау облысы Ұлытау аудандары жерінде орналасқан орналасқан.

Жер бедері

Ең биік жері 120 м шамасында. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 38 км-ге созылған, енді жері 10 км. Ұялы төбелерден, құмды жалдардан тұрады. Арал маңы Қарақұмынан Жыңғылдыөзек өзенінің аңғары бөліп жатыр. Тұщы суы жер бетінен 2–3 м, артезиан алабының суы 100–200 м тереңдікте жатыр. Сарыапанқұм оңтүстігіндегі Қарадүзген құмымен жалғасқан. Құмды алқапта Алтықұдық, Алтышарқұдық, Құмшөк, т.б. көптеген құдықтары бар.

Өсімдігі

Құмды, сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, еркек шөп, бұталар өседі.<ref> Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер