Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Виталий Борисович Петровский"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (top: clean up, replaced: AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға

Виталий Борисович Петровский 1946 жылы 7 қарашада Көкшетау облысы Чистополье ауылында туған. Орыс.

Техника ғылымдарының кандидаты (1985). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қиыршық құмды барлау деректері бойынша көлемді 8лгілеу әдістемесін зерттеу». Геология мен геофизика саласындағы 50-ден астам ғылыми-зерттеу және тақырыптық есептердің, 29 жарияланған жұмыстың авторы және бірлескен авторы.

  • 1969 жылдан - Іле геофизикалық экспедициясының геофизигі, Қазақстан тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының, партияның бас инженері, партия бастығы, бас геолог, бастықтың ғылым жөніндегі орынбасары, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында, ҚР Геология министрлігі Білім жетілдіру институтында қатар сабақ берген. 1995 жылдан - ҚР минералды шикізат кешенінің Ақпараттық талдау орталығының геологиялық ақпарат орталығының директоры. 1998 жылдан - «Қазақойл» ҰМК геология және геофизика департаментінің геоақпарат пен картография секторының меңгерушісі, компанияның бас менеджер 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геология және қазбалар департаментінің менеджері. 2003 жылдан «ҚАЗГЕОҒАРЫШ» АҚ геология женіндегі вице-президенті 2009 жылдан бері - «ҚазЗарубежГеология» ЖШС бас директоры.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

Үлгі:Суретсіз мақала