Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жабасақ"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Жабасақ Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Жабасақ ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан шығысқа қарай 73 км жерде, қылқан боз, қау, жусан өскен қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1193 адам (614 ер адам және 579 әйел адам) болса, 2009 жылы 863 адамды (445 ер адам және 418 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 665 адамды (364 ер адам және 301 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 1957 жылы қой өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Жабасақта акционерлік қоғам және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Орта мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобильді жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Әйтеке би ауданы елді мекендері