Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "A-27 автомобиль жолы (Қазақстан)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Жол A-27 — ұзындығы 865 километр болатын Қазақстан аумағындағы автомобиль жолы.<ref>Үлгі:Cite web</ref> E40 Еуропалық маршруты мен AH70 Азиялық маршрутының құрамдас бөлігі. Тас жол Ақтөбе қаласын Атырау қаласы арқылы Ресей Федерациясындағы Астрахан қаласымен байланыстырады.
Маршруты
| Ақтөбе | → | Қандыағаш | → | Шұбарқұдық | → | Сағыз | → | Доссор | → | Атырау | → | Аққыстау | → | Құрманғазы | → | РФ шекарасы |
Сипаттамасы
A-27 трассасы Ақтөбе қаласынан басталып, Алға, Қандыағаш, Атырау қалаларының үстімен өтіп, Бөкейхан (Котяевка) ауылының тұсындағы Қазақстан-Ресей шекарасында аяқталады. 2007 жылы Қиғаш өзенінің үстінен салынған көпірмен қатар ашылған «Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті арқылы Астрахан қаласына қатынауға болады. Атырау қаласының тұсында A-28 трассасы және Доссор кентінің тұсында A-33 трассасы басталады.
Қайта жаңғырту жұмыстары
- 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахань» учаскесінің бүгінгі күні 252 шақырымы пайдалануға берілді. 2018 жылы қайта жаңғырту жұмыстары басталған жол 2024 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.<ref>Атырау облысында 240 шақырымнан астам жол төселді</ref>
- Ақтөбе-Қандыағаш автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстары 2021 жылы басталған. Бүгінде Ақтөбе-Қандыағаш автокөлік жолының 11-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбеден Қандыағашқа дейінгі (77,5 км) учаскесі толық төрт жолақты, І-б техникалық санатында болса, Қандыағаш айналма жолы (18,2 км) 2 жолақты ІІ-техникалық санатқа сәйкес болады. Толық пайдалануға беру мерзімі — 2024 жыл.<ref>Биыл Ақтөбе-Қандыағаш және оңтүстік айналма жолы пайдалануға беріледі</ref>
- «Қандыағаш – Мақат» (160-504 км) жолының жалпы ұзындығы 299 шақырымы жөнделді.