Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бәжі күмбезтамы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Бәжі күмбезтамы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX-XX ғасырлардағы тарихи ескерткіш.
Орналасқан жері
Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылынан оңтүстікке қарай 9 км жерде орналасқан. Ескерткішті "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі 2005 жылы анықтаған.
Күмбез сипаты
Күмбез жоспарда тікбұрышты, қабырғалары үш қабатты, ортасы әктас аралас топырақпен толтырылған. Сырт қабырғалары өңделген тақта тастармен қапталған, дуылға түріндегі күмбездің ішке жарық түсірер тесігі оңтүстік-батысқа бағытталған. Сыртқы қабырғалары өсімдікті оюмен әшекейленген және қара-сұр түске боялған. Ішкі қабырғалар түрлі-түсті бояулармен сырланған, күмбез еңбек құралдары және қару бейнелерімен әшекейленген. Күмбез жақсы сақталған. Материалы әктас, кесене жалпы көлемі 410×332×664 см. Күмбезтам руы Есен Жеменей, Қуашұлы Бәжіге тиесілі.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>