Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қиясайирек"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Жер бедері) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қиясайирек, Қиясанирек – Маңғыстау түбегінің оңтүстік бөлігіндегі үстіртті кемер.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде.
Жер бедері
Кендірліқиясай үстірті мен Қарынжарық құмды алқабы аралығында 65 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 140 м, салыстырмалы биіктігі 80 – 100 м. Үстіртті кемер неогеннің құмды саздары мен әктастарынан түзілген. Қарынжарық құмына қараған етегінде тұзды жер асты суы шығып жатады. Бірнеше құдық (Қарынжарық, Қарабарақ, т.б.) және Құрмашбұлақ бұлағы бар.
Өсімдігі
Бетінде баялыш, бұйырғын мен жусан өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>