Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ащысор (ойыс)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ойпат Ащысор – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы ойыс.
Сипаттамасы
Ұзындығы мен ені орта есеппен 10 – 12 км, аумағы 105 км². Ойыс теңіз деңгейінен 38 м төмен жатыр. Сор басып жатқан ойысты құм төбешіктер қоршаған. Батыс жағалауындағы құм қырқасында Апаша құдығы бар. Жағалау бойында шөлге тән сораң шөптер өседі. Ойыстың солтүстігінде мұнай кен орындары бар.
Орналасқан жері
Қарақия аудының орталығы Құрық ауылының солтүстік-батысында 14 км жерде орналасқан.
Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан (теңізден 5 км жерде) ойыстың пішіні дөңгелек келген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Болашақта ойыстың орнын Каспий теңізінің суымен толтырып, жасанды көл құру көзделген<ref>В Мангистау планируют создать искусственное море площадью 300 кв.км</ref>.