Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бала би мазары"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Бала Би Мазары, ТамабайТүркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 1,6 км оңтүстік-шығыста, Алшын көшесіндегі ескі қорымда.

Кезеңі

XIX ғасыр соңы.

Сипаты

Бір бөлмелі, шаршы жоспарлы мазар күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Бұрыштары шығыңқы түрде қаланған, кірпіш бедерімен айшықталған. Есік пен терезе қуыстары әшекейлі темір торлармен бекітілген. Құрылыстың сырты сыланбаған. Төбесі бедерленген күмбезбен жабылған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Шағын бір бөлмеден тұратын мазар өлшемдері 4,7х4,7 метр, тік төрт бұрышты болып, күмбезделіп жабылған. Күмбезінің ұшар басына дейінгі биіктігі 4,5 метр. Жақтаулары кірпіштерді әсемдеп қалау арқылы безендірілген. Есіктен және терезе жақтауларында темір торлар орналасып, ішкі келбеті сыланған.<ref>«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 180 б. Алматы 2025 ж. 49 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер