Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рысқал кесенесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: {{Ғимарат | ғимараттың аты = Рысқал кесенесі | шынайы аты = | бұрынғы атауы = | балама аты = | статусы = Қызылорда )
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Рысқал кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Арал ауданы, Аманөткел ауылынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы кішігірім қырқаның үстінде, Қарамойын деген жердегі қам кесектерден тұрғызылған жерлеу қоршауларынан тұратын қорымның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Сипаты

Рысқал (руы әлім-жақайым) кесенесі 1902 жылы ғалым әрі молда болған бауыры Ернияздың тапсырысымен салынған.
Ескерткіш қам кесектерден тұрғызылған, аумақтық өлшемдері – 8,0х10,3 м, сақталған биіктігі – 4,45 м, қабырғаларының қалыңдығы – 0,8-1,2 м.
Кесене екі камералы, біреуі кіреберіс, екіншісі – жерлеу камерасы. Кіреберіс камера (сақталған биіктігі 2,25 м) тікбұрышты (1,2х3,7 м), күмбезбен жабылған, кіреберіс ойығы бүйірлік қабырғада орналасқан және батысқа бағытталған. Жерлеу камерасына кіретін ойық солтүстік қабырғаның ортасында орналасқан.
Дөңгелек пішінді (ішкі диаметрі 5,70 м) болып келген ішкі камера үш жауырыншамен бөлінген цилиндрлі корпусқа (негізігі аумақ) енгізілген. Камера күмбезбен жабылған. Қалдықтарына қарағанда күмбез диаметрі негізгі аумақтан кішірек күмбез асты барабанында болған.
Жерлеу камерасының ортасында жерлеу құрылысы болған. Ескерткіш құлаудың алдында тұр. Негізгі камераның күмбезі құлап қалған, кіреберіс камераның бетше босағасы толық жойылған. Ескерткішті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011.– 504 бет. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер