Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жосалы (Қызылорда облысы)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Replaced photo with newer and better quality)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына ЖосалыҚызылорда облысы Қармақшы ауданындағы кент (1939 жылдан), темір жол стансасы, ауданы және Жосалы кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 147 км жерде, Қараөзек өзенінің Сырдарияға құяр тұсындағы қамыс, құрақ аралас әр түрлі шөп өскен өзен аңғарының шалғынды сұр, сұр қоңыр топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 18997 адам (9323 ер адам және 9674 әйел адам) болса, 2009 жылы 18983 адамды (9406 ер адам және 9577 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

Іргесі темір жол станциясы ретінде 1906 жылы қаланған. 19251926 жылдары Жосалыда механикалық завод, 350 орындық автобаза салынған.

Кәсіпорындары

19 мемлекеттік, 2 қазыналық мекемелер мен кәсіпорындар, 5 акционерлік қоғам, 22 жауапкершілігі шектелген және 4 толымды серіктестіктер, 9 өндірістік кооператив, 81 жеке шаруашылықтар бар. Оларға құрылыс, көлік, сауда, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары біріктірілген. Бұдан басқа 2 ұн тартатын, 4 күріш ақтайтын диірмен, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Кентте мектепке дейінгі 7 балалар мекемесі, 7 жалпы білім беретін мектеп, мұражай, мешіт, мәдениет үйі, стадион мен спорт алаңдары (5), 4 кітапхана, 2 аурухана, емхана, фельдшер-акушерлік және 2 дәрігерлік-амбулаторлық пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады.

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қармақшы ауданы елді мекендері