Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қандарақ жотасы"
ш («Сарқан ауданы географиясы» деген санатты аластады; «[[Санат:Сарқан ауданы таулары|Сарқан ауданы таулар) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Қандарақ – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміндегі таулы жота.
Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл және Сарқан аудандары жерінде. Абсолюттік биіктігі 4047 м. Жота оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30 – 35 км-ге созылып жатыр, ені 12 км шамасында.
Геологиялық құрылымы
Жота тас көмір және девон тау жыныстарынан түзілген.
Жер бедері
Шығыс, солтүстік-шығыс беткейінен Тентек, оңтүстік-батысынан Лепсі, Ағынықатты өзендері басталады. Тау бастарында көп жылдық қар мен мұздықтар жатады. Жотада Қаракезең, Ащыкезең, Пограничный атты асулар бар. Батысындағы Ағынықатты өзенiнде мореналық Жасылкөл көлі жатыр.
Өсімдігі
Жартасты құз шатқалдарында шырша орманы, одан жоғары субальпілік, альпілік шалғын өседі. Солтүстік аңғары альпілік жайлау.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>