Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мақпал (көл)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көл МақпалҚамыстыбас көлінің оңтүстік-шығысында, Сырдария өзенінің оң жағалаулық аңғарындағы көл.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас темір жол стансасынан оңтүстік-шығыста 4 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы

Көл теңіз деңгейінен 52 м биіктікте жатыр. Аумағы 6,9 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 14,2 км, ең терең жері 4,5 м, су көлемі 15,2 млн. м3. Аумағы Сырдария өзенінің суымен реттеліп отырады. Сор басқан жағалауында қамыс, құрақ өскен. Суы сәл ашқылтым. Көктем айларында мал суаруға жарамды. Көлдің шығысында Ақбақай атты шағын тау (абс. биікт. 134 м) және ауыл орналасқан. Желтоқсан айының 2-жартысында суы қатып, наурыз айының 1-жартысында ериді. Алабы шабындыққа пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер