Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қамыстыбас"
ш (1 түзету) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:01, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Көл Қамыстыбас, Қамбаш – Сырдария алабындағы көл.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданында, Қамыстыбас темір жол станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан. Теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 178 км2. Көл ендік бағытта 30 км-ге созылған, енді жері 5-8 км, жағалауының ұзындығы 115,6 км, шарасына 980 млн. м3 су жиналады. Ең терең жері 10 м. Көл Тәуіп-Жарма каналы арқылы толығады.
Сипаты
Шығыс жағалауы аласа, құмды. Оңтүстігі биік, жарлы (23 м-ге дейін), солтүстік жағалауының биіктігі 5 м-ге жетеді. Жазық келген оңтүстік-батыс жағалауы Сырдариямен жалғасып жатыр. Қамыстыбаста сазан, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Көлде қаз, үйрек, т.б. құстар, қамыс, құрақ арасында ондатр, жабайы шошқа кездеседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>